KAZ・Жаңалықтар

Біздің таңдауымыз — күшті әрі әділетті Қазақстан үшін

Жамбыл облысының бизнес қауымдастығы әрқашан оңтүстік өңір экономикасының тірегі болып келді. Біз, «Talas Investment Company» ЖШС, тұрақтылықтың құнын және айқын «ойын ережелерінің» маңызын жақсы түсінеміз. Бүгінде ел жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында тұрғанда, біз, өңір кәсіпкерлері, алдағы референдумды толық қолдаймыз.

Бұл неге біз үшін маңызды?

• Меншікке кепілдік: Негізгі заңның жаңа редакциясы жеке меншік пен зияткерлік құқықтарды қорғауды күшейтеді. Бұл – инвестициялар мен ұзақ мерзімді жобалардың берік іргетасы.

• Әділет пен тәртіп: «Заң және тәртіп» қағидаты конституциялық нормаға айналуда. Бизнес үшін бұл – адал бәсекелестік пен бюрократиялық кедергілерді жою деген сөз.

• Мемлекетпен диалог: Билік пен бизнес арасындағы серіктестіктің нығайып келе жатқанын көріп отырмыз. Енді облысымыздың әр ауданындағы кәсіпкерлердің дауысы ең жоғары деңгейде естіледі.

Біздің кәсіпорын оңтүстік өңірлер үшін мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Біз әр адамның еңбегі заңмен қорғалатын және бастамасы мемлекет тарапынан қолдау табатын болашақ үшін дауыс береміз.

15 наурыз – біздің таңдауымыз күшті әрі Әділетті Қазақстан үшін!

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.